Үстемдік, үстемділік, басымдық, өктемшілік, өктемділік, үстемшілдік

lat: Ústemdik, ústemdilik, basymdyq, óktemshilik, óktemdilik, ústemshildik.

Сөзі өтімділік, үстем болушылық.

Бұған дейін үстемдік құрып келген Мерген қазір Ақбәтидің ұстаса - уысында, жұмса - жұдырығында (М. Дүзенов).

Екіталай егесте ол арқалы байлардың малын алдына сап, өзімсініп жұмсай беретіндіктен де үстемділікке еркін еді (Т. Иманбеков).

Алғашқы кезде жаудың күші мен техни- касында үлкен басымдық болды («Қазақ ССР тарихьг»),

Қуанып кеткенін молда сезіп қоймасын дегендей Манап дереу өктемшілікке басты (Е. Қонарбаев).

Үнінде өтінуден гөрі не қылсаң да айт дегендей өктемділік басым (М. Сәрсекеев).

Монополиялар үстемшілдігінің халыққа қарсы мәні барған сайын айқын көрініп отыр («Саяси экономия»).